Текст
Балалар күнделікті медбике Светлана Михайловнаның қарауында. Әр таң күні Светлана Михайловна топтарды аралап,қарап шығады. Балалардың ауырып қалмауын, дені сау және көңілді жүрулерін қадағалайды. Светлана Михайловна әрдайым балаларды жылы шыраймен қарсы алады.Балаларға өз бойлары мен салмағын өлшейтін құрал антропометриямен танысуы қызықты болды. Светлана Михайловна мед.бөлмеде әрдайым салауатты өмір салты туралы әңгімелесулер жүргізіп, балаларға дәрумендер береді. Топтарда "Дәріхана", "Аурухана" сюжет-рөлдік ойындар ұйымдастыруға көмектеседі.