«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы  Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли- сад № 2 «Болашақ» города Есиль при отделе образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көбелектер" мектепалды тобындағы қазақ тілінен сабақ

"Көбелектер" мектепалды тобындағы қазақ тілінен сабақ

Тақырыбы: "Үй жануарлары"

Сабақ сауатты және мазмұнды дайындалды, балаларға түсінікті және қол жетімді болды. Айгүл Тлеухоровна ойын арқылы оқыту жағдайларына негізделген тәсілдерді пайдаланды, балалар үшін проблемалық ойын әрекетін жасады, бұл балалардың оң эмоциялық көңіл-күйін дамытуға ықпал етті, олардың сөйлеу белсенділігін арттырды және сабақ бойы қызығушылығын сақтап қалды.

Балалар қызметінің жоғары нәтижелерін алу үшін Айгүл Тлеухоровна икт, "үй ауласы" және "орман"макеттерін пайдаланды.Балаларға үлестірмелі материалдармен жұмыс берілді, онда әркім өз бетінше жұмыс жасады. Сабақ барысында Айгүл Тлеухоровна балалармен бір деңгейде тілдесті, уақыт бойы қызығушылықты сақтауға тырысты. Балалар көргендеріне және естігендеріне қызығушылық танытты , олар ұсынған тапсырмаларды қуана орындады, бастамашыл және мұқият болды.

Жаңартылған күні: 22.02.2022 15:15
Құрылған күні: 22.02.2022 15:31

Текст