«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы  Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли- сад № 2 «Болашақ» города Есиль при отделе образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы МКҚК №2 «Болашақ» бөбек-балабақшасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есеп

1. Жалпы жағдай

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  2017 жылы «Есіл ауданы білім беру бөлімі» ММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызметтің 23 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер:

 2019 жылы атқарушы органдармен 74 (52,9%) мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген.

 

2. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі жанындағы МКҚК №2 «Болашақ» бөбек- бала бақшасы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.   БАҚта мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2019 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы,  қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу,  қызметті көрсету  бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.  

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. 

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
 

5. Бұдан әрі тиімділікті және

мемлекеттік қызмет көрсетусапасыменқызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.


Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензирование» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстаржалғастырылады.
Жалпы, 2020 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

 

Жаңартылған күні: 10.02.2020 17:48
Құрылған күні: 14.11.2024 12:31

Текст