Мақсаты: ата-аналарға ұсақ маториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып аз мөлшердегі жетістіктерінде бағалап мадақтап қоюды да ұмытау керек екендігі туралы ақпарат беру. Балалармен ұсақ қол маторикасын дамытуға арналған ойындар өткізілді. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ маторикасын дамыту мен жетілдіру орталық жүйке жүйесін,барлық психологиялық процестерін сөйлеуді дамытудың басты ынталандыру болып табылады. Ұсақ маториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара басқара білу туады. Сондықтан баланы ешқашан мәжбүрлеуге болмайды. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.