Текст
Хатшы хабарлағандай, байқау жарияланған уақытта орыс тілінде оқытатын және тәрбиелейтін топқа тәрбиешінің уақытша бос лауазымына орналасуға өтініш берген 1 (бір) ғана ізденуші жауап берді.
Ізденуші- Гринь Анна Владимировна
Комиссия мүшелері ізденушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттарын қарап, баллдарын есептеп,
Қаулы:
• Ізденуші Гринь Анна Владимировна байқаудан өтті деп саналсын.
• Басқа ізденушінің болмауына, сондай-ақ МДҰ меңгерушісінің өндірістік қажеттілігіне (тәрбие-білім беру процесін іске асыру) байланысты Гринь Анна Владимировнаны оқыту және тәрбиелеу орыс тілінде жүргізілетін топқа тәрбиеші лауазымына тағайындауға 1 (бір) ставка ұсынылсын.