Қыс мезгіліне көбінесе балалар қуанады. Өйткені қыз мезгілі тамаша мүмкіндік сыйлайды, қуанып ойнауға және таза ауада серуендеп жүруге денсаулыққа пайдалы. Ақпанның 1-4 аралығында «Қыс. Қөңілді қыс» атты мерекелік іс- шара аптасы өтті. Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайының балалар алаңында спорттық іс- шара өткізілді. Ең басты мақсатымыз балаларға әсерлі көңіл күй сыйлау. Балалардың мерекелік іс-шараға аққала қонаққа келді және көптеген тосын сый жасады. Ересек топтың балалары берілген тапсырмаларды орындап, шапшаң екендіктерін көрсете білді. Эстафетаның өткізу барысында балалардың арасында жылулық сезім және достық қарым - қатынас сезілді. Өткізілген іс- шарада барлық балалар белсене қатысты. Барлық балалар өте керемет қөңіл күйде болды.