Текст
«Бір түртас тәрбие» бірыңғай тәрбие жоспарына сәйкес, 6-10 қаңтар аралығында балабақшада «Қазақ ұлттық ойындарының» бірінші тақырыптық апталығы өтті. Біздің педагогтар балалардың назарын қазақ ұлттық ойындарының алуан түрлеріне аударуға тырысты. Біздің балалар үнемі ойында болғанына қарамастан, олар үшін бұл апта танымдық әрі қызықты болды. Тәрбиешілеріміз балаларды қазақ халқының қазан, теңге алу, асық, көкпар сияқты ұтқыр ойындарымен таныстырды.
Мектепке дейінгі балаларға арналған ұлттық қозғалыс ойындары балалардың бойында ептілік, нақтылық, назар аудару, қозғалыстарды үйлестіруді дамытуға мүмкіндік береді, балалардың бойында серіктестік пен тілектестік сезімдерін тәрбиелейді.