Текст
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Халықтар бірлігі күні аталып өтілуде
Біздің балабақшамызда 29 және 30 сәуірде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ұйымдастырылған іс-шаралар өтті, Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында балалардың шығармашылық, ойын, коммуникативтік қызмет түрлері кезектесіп жүрді.
Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін ерекше мәнге ие, өйткені біздің елімізде бір шаңырақ астында 120-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде.
Сіздерді мерекемен құттықтаймыз, бақыт, табыс, бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз!