Біздің ясли-бақшамызда жыл сайын Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізіледі.
Топтарда балалармен «Ел батырлары» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілді. Қазақстандық қаһармандар Бауыржан Мамыұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың, Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы әңгімелер жүргізілді. Демонстрациялық материалдармен әңгімелесу жүргізілді.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында тәрбиеленушілер әскери әндерді тыңдап, ән айтып, өлең оқыды, шығармашылық жұмыстарын орындады.
Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды және қажет деп санаймыз. Оларда Отан қорғаушыларға деген құрмет, өз халқына деген мақтаныш сезімі қалыптасады, адамгершілік-патриоттық сезімдер қалыптасады, Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы балалардың қарапайым білімдері қалыптасады.