Текст
Жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуы қарсаңында 28 тамызда балабақшада педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес барысында жазғы сауықтыру жұмысының қорытындысы шығарылды. Медбике Чикалюк С.М және топ тәрбиешілерінің есептерін тыңдады.
Одан кейін әдіскер Жақып А.А. педагогикалық кеңесті іскерлік ойын түрінде жалғастырды, онда педагогтар жаңа оқу жылының басталуына байланысты міндеттерді шешу үшін кәсіби жағдайларды модельдеді. Мұндай форма қатысушыларға өткен тәжірибені талдауға, жоспарларды әзірлеуге, өздерінің біліктілігін арттыруға және ойынға қатысу арқылы командалық рухты нығайтуға мүмкіндік береді. Педагогикалық кеңес іскерлік және шығармашылық жағдайда өтті.