05.02.2026
Ақмола облысы білім басқармасы мен кәсіподақ арасындағы 2024–2026 жылдарға арналған Келісім шарттарын орындау шеңберінде 26 ақпан күні ауданымызда семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Ақмола облысы кәсіподақ ұйымының төрағасы Б. Абдрахманов қатысып, білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек заңнамасының сақталуы және қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында техникалық персоналдардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері кеңінен қаралды. Келісім шарт талаптарына сәйкес, техникалық қызметкерлердің еңбек демалысына қосымша 4 күн қосу, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер беру туралы ақпарат ұсынылды.
Семинар қатысушылары еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, кәсіподақтың қолдау тетіктері жөнінде нақты мәліметтер алды. Мұндай кездесулер қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға және еңбек ұжымдарында тұрақты әрі әділ еңбек қатынастарын қалыптастыруға бағытталған.
№2 “Болашақ” бөбекжайының кәсіподақ төрайымы. Рашева Қаламқас Темірханқызы