Мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету біздің балабақшамыздың білім беру процесінің орталығы. Біздің МДҰ-да ұйымдастырылған «Қауіпсіздік апталығы» өткізілді.
Балалармен жұмыс жасау іс-әрекеттері жүргізілді: тұрмыстық қауіпсіздікпен танысты, қауіп төнген жағдайда және күнделікті өмірде қауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді; экологиялық және мәдениеттің негіздерін дамыту, сүйіспеншілікке, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу; жол ережесінің тәртібін сақтау; татулыққа достыққа тәрбиелеу. Балаларды өз өмірінің қауіпсіздік негіздеріне үйрете отырып, педагогтар өз жұмысында әртүрлі әдістерді қолданды: тақырыптық сабақтар, әңгімелер, ойындар, көркем әдебиетті оқу және плакаттарды қарау, дидактикалық ойындар, қозғалыс ойындары және сюжетті - рөлдік ойындар.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгіме және кеңес өткізілді.
Ата-аналар бұрышы жадынамалар мен ұсынымдарға толықтырылды: балалардың жеке қауіпсіздігі ересектердің қауіпсіздігіне байланысты! Балалардың алған білімдері балаларға сауатты болуға және қиын жағдайларға бейімделуге көмектеседі деп үміттенеміз.