05.03.2026
Балабақшада «Балабақша мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастық: баланың қоршаған ортаға бейімделуін қолдау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңесті әдіскер Жақып Ақтоты Асқарқызы ашты, ол балалардың табысты бейімделуі мен үйлесімді дамуы үшін мектепке дейінгі ұйымның отбасымен және әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылының өзектілігін атап өтті.
Тәрбиеші Рашева Қаламқас Темірханқызы баяндама жасады. Ол педагогтарды «Әкелер мектебінің» жұмыс тәжірибесімен таныстырып, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамытуға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ата-аналармен ынтымақтастықтың нысандары туралы айтты.
Музыкалық жетекші «Мектепке дейінгі жастағы балалардың хореографиялық қабілеттерін дамытуда ата-аналармен ынтымақтастық» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада балалардың шығармашылық және би қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара іс-қимыл жасау нысандары ашылды.
Одан кейін мектеп алды тобының тәрбиешісі Жармағамбетова Ақжайран Найзабекқызы сөз сөйледі. Ол балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық жөніндегі жұмыс туралы айтып, балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін мектепке дейінгі мекеме педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлескен қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Педкеңестің соңында қатысушылар ұсынылған баяндамаларды талқылап, пікір алмасып, бала бақша, отбасы және әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.