15.10.2026
«ЦИФРЛЫК БАЛАБАКША»
шығармашылық тобының әдістемелік әзірлемесі
Өткізілетін мерзімі: Қазан
Өткізу түрі: Тәжірибе алмасу, практикалық шығармашылық жұмыс
Қатысушылар: Шығармашылық топ мүшелері Жауаптылар: Әдіскер, шығармашылық топ мүшелері
Тақырыбы:
«Цифрлық балабакша: жасанды интеллект пен цифрлык құралдарды оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану»
Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жасанды интеллект пен заманауи цифрлық кұралдарды балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқу-тәрбие үдерісінде тиімді әрі қауіпcis колдану жолдарын көрсету, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жагдай жасау.
Міндеттері:
педагогтерге мектепке дейінгі білім берудегі цифрлық технологиялардын мүмкіндіктерін таныстыру;
жасанды интеллект құралдарын педагогтің күнделікті жұмысын жеңілдету үшін тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету;
интерактивті тапсырмалар мен цифрлық дидактикалық материалдар әзірлеулі үйрету;
цифрлық кұралдарды балалардың белсенділігін арттыруға бағыттап қолдану жолдарын қарастыру;
педагогтердің шығармашылық ізденісін және цифрлық сауаттылығын
дамыту;
дайын цифрлық ресурстарды тәжірибе алмасу арқылы жинақтау;
цифрлық технологияларды қолдануда баланың қауіпсіздігі мен педагогикалық мақсаттың сақталуына назар аудару.
Күтілетін нәтиже:
Педагогтер ЖИ және цифрлық құралдардың мектепке дейінгі білім берудегі мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтеді. Өз жұмысына қажетті цифрлық тапсырмалар, көрнекіліктер, ойындар мен шағын интерактивті ресурстар әзірлей алады. Шығармашылық топтың ортақ цифрлық әдістемелік қоры қалыптасады.