Суды сақтайық!
24.11.2026
«Айгөлек» тобында «Суды сақтайық!» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Балалар судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын біліп, оның қасиеттерімен танысты. Қарапайым тәжірибелер арқылы судың түссіз, мөлдір және сұйық болатынын байқады.
Суды ұқыпты пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Балалар су шүмегін жабудың, суды үнемдеудің және су көздерін ластамаудың маңызын түсінді. Осындай іс-әрекеттер балалардың бойында пайдалы әдеттер қалыптастырып, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
Просмотров: 13