«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы  Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли- сад № 2 «Болашақ» города Есиль при отделе образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани-адамгершілік тәрбие апталығы

02.07.2021

Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі әсірісе қазір өте өзекті, өйткені мемлекет тарихында катаклизмдер орын алады, бағдарлар өзгереді, бұрынғы құндылықтар құлайды және ашылады. Қазақстан Республикасы шегінде әртүрлі халықтардың өмір сүруі жағдайында ізгі ниетті ұлтаралық қатынастарды қалыптастыру, балаларда интернационализм мен патриотизм сезімін, жоғары тәртіптегі адамгершілікке тәрбиелеу өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Осы аптада «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында танымдық сабақтар және «Бір шаңырақ астында» мұражайын безендіруі, «Менің қаламның көрікті жерлері»альбомын шығару, ата-аналармен «Өлке, қала туралы шығарма», мерекелік іс-шаралар; Өлкетану бойынша дидактикалық ойындар:

«Менің қайда екенімді біл?», «Сурет құрастыру», «Әжемнің сандығы», «Менің қаламның картасы», «Болашақ қаласы», «Менің туған жерім», «Мен фотографпын», «Менің көшем, менің үйім» және т.б. Тақырыптық көрмелер (ата - аналармен бірге)қала бойынша экскурсиялар мен фотоэкскурсиялар, қаланың көрікті жерлері.Қазақстан және туған ауыл туралы өлеңдер мен әндерді жаттау.

«Менің Отаным – Қазақстан»стендін безендіру. Макеттерді дайындау-Қазақстанның табиғаты, фотоальбомдарды, Қазақстанның климаттық жағдайлары, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы әдебиеттерді іріктеу. Қазақстанда тұратын орыстар, украиндар, белорустар және т. бхалықтардың салт – дәстүрлерімен танысу. Қазақ ұлттық ойындарыменқозғалмалы және рөлдік ойындардың картотекаларын жасау.

Баланы ұлттық өмірге баулу, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың өмір салтымен, халықтық дәстүрімен танысу үшін табиғи орта құрамыз. Осылайша біз, Отанға,отбасымызғадеген сүйіспеншілікті қалыптастырамыз.

Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст