«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімнің жанындағы  Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли- сад № 2 «Болашақ» города Есиль при отделе образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области  

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика апталығы

09.07.2021

Пән апталығын өткізу баланың пәнге деген қызығушылығының қаншалықты дамығанын, оқу жылында қаншалықты білім алғанын салыстыруға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында пәнге деген қызығушылықты ояту және дамыту, бағдарламалық материал бойынша балалардың білімін кеңейту және тереңдету, балалардың ұжымдық сезімге тәрбиелеу, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнату, балалардың танымдық мүдделерін дамыту мақсатында жүргізіледі.

Біздің мектепке дейінгі ұйымда пәндік апталықтарды өткізу дәстүрге айналды. Біз балабақшада «Математика апталығын»  өткізу тәжірибесімен бөліскіміз келеді. Математика апталығы математика пәнін терең оқуға үлкен мүмкіндік береді. Өткізілген іс-шаралар балалардың бойында білімқұмарлық, байқағыштық, қиындықтарды жеңуге деген ұмтылыс сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Осы  математика апталығын өткізуге балабақшаның барлық топтары мен педагогтары және ата-аналары қатысты.

Осы аптадабалаларды Математика елінің патшайымын қарсы алды. Түс патшайымын әр түрлі түстер туралы айтып берді және қандай түстерді араластыру кезінде жаңа түстер алынатынын көрсетті. Патшайым тәрбиенушілерге геометриялық пішіндерден зәулім үйлер құрып беруін ұсынды.Уақыт патшайымы жыл мезгілдерінің өзгеруімен қимылды ойындарды ұйымдастырды және күннің бөліктері туралы жұмбақтар шешті. Сандар патшайымы сандар ойынын ұйымдастырды.

Ата-аналар «Математикалық жұмбақтар» отбасылық іс-шараларға қатысып, кіші және орта топ балалары үшін «Коськи қоянының шытырман оқиғалары» атты ойын-сауық ұйымдастырылды. Мишка аюы балалардың көмегімен Қоянды түстерді ажыратуға, сандарды білуге үйретті.

Ересек топтыңбалаларыүшін карта марафоны ұйымдастырылды.

Ал дайындық тобының балалары үшін «Матемляндия еліне саяхат» атты ойын-сауық ұйымдастырылды. Балалар адасқан сандар, қателер, логика есте сақтау аралдарында болды.

Просмотров: 141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст