Текст
Тәуелсіздік күні бүкіл әлемде ең маңызды мерекелердің бірі ретінде атап өтіледі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай біздің балабақшада "Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері"суреттер байқауы өтті. Бөбекжай тәрбиеленушілері шығармашылық арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін білдірді. Балалар өз суреттерінде Қазақстан табиғатының әсемдігі мен ұлылығын, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін жарқын түстермен көрсетті.