1 наурыз-жылдың ең сыпайылық күні. Бұл күні "Алғыс айту күні"мерекесі атап өтіледі. Көктемнің алғашқы күні ашық жүректердің нұры мен жылуына толы. Біздің бөбекжай - балабақшамыздың тәрбиеленушілері мен педагогтар бұл маңызды күнді назардан тыс қалдырмады. Балалар мереке тарихы туралы білді, сыпайы сөздерді еске алды, "рахмет"сиқырлы сөзі туралы өлеңдер оқыды. Әрине, балалар балабақшаның барлық қызметкерлеріне, соның ішінде еңбегі әрдайым көрінбейтіндерге алғыс айтты. Әр бала алғысын білдріп және "Рахмет"сөзін жүрекке жеткізуге мүмкіндігі болды:Меңгерушіге- балабақшаның тыныс - тіршілігін ұйымдастыра білгені үшін, аспаздарға - дәмді ботқа, жуу машинисіне-хош иісті сүлгілер үшін, ал кіші тәрбиешіге- қамқорлық пен түсіністік көрсеткен үшін . Бұл күні балабақшада ризашылық пен әдептілік атмосферасы орнады .Балалар мен ересектер ұмытылмас қуаныш, қанағат пен ләззат сезімін бастан өткерді.