Қазақстанда 1 Мамыр – ынтымақ пен бірлік күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары .шін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Біздің балабақшамызда осы мерекеге орай «Қазақстан халықтары фествалі» атты мерекелік іс – шара өтті. Мерекеге ересек және ортаңғы топ тәрбиеленушілері қатысты. Мереке өте жақсы деңгейде өтті. Балаларға қонаққа қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері келді. Әр ұлт өкілі өздерінің ұлттық әндерін орындап, билерін билеп, ойындарын ойнатты. Олар өздерінің бір шаңырақ астында қалай тату – тәтті тұратындарын көрсетті. Мерекенің нәтижесі – ресейдің қайыңы, украин алма ағашы, жапондық сакура, қазақтың қараағаштары секілді ағаштармен толы Достық бағы болды. Осылайша, мереке балалардың естерінде қаларлықтай салтанатты түрде өтті.