Текст
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Осыған орай балабақшамызда бұлдіршіндерге мереке өткізілді, оның ішінде: спорттық ойындар, асфальт үстіндегі суреттер, сабынды көпіршіктер, тағы да басқа ойын- сауықтар. Бәрін де жүргізген сайқымазақтар. Балалар өте қуанышты күн өткізді.