Текст
"Болашақ" балабақшасының тәрбиеші- педагогтары ата- аналарға балалар қауыпсыздығына байланысты іс- шара өткізді. Күнделікті өмірде жиі кездесетін келеңсіз жайттар: тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі- өрттен,ажалымен қоса жүретін- судан, тұрмыс жағдайында- тоқ құрылғыларынан, ашық терезелерден т.б. қауып- қатерлерден сақтану жолдары, және алдына алу шаралары туралы әңгімеледі. Ата- аналар "Дәрі қорабын жинау", "От сөндіреміз", "Үйдегі қауыпсыздық" т.б. сайыстарына белсене қатысты. Қиын жағдайлардан шығу жолдарын іздеп, алдына алу шаралары туралы нақты мәлімет алып, тәрбиешілерден жаднама, буклет түрінде ақпарат алып шықты.