Текст
Бүгін бүкіл әлемде өте маңызды және қажетті күн – балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл тек көңілді мереке ғана емес - бұл қоғамға әр баланы қорғау, әлемнің барлық балаларына бақытты, дені сау, сыпайы және жауапты адамдардың өсуіне мүмкіндік беру қажеттілігі туралы маңызды ескерту. Себебі балалық шақта адамның мінезі қаланады, баланың қалай өсетіні алдын-ала анықталады.
1 маусым күні дәстүр бойынша "Болашақ" бөбекжайында мерекелік іс - шаралар өтті. Мерекелік атмосфера күні бойы сақталды.Мереке барлық жас топтарында өтті: балалар қозғалмалы ойындар ойнады,сүйікті әндерін шырқады, өлеңдер айтты. Қызықты конкурстар мен викториналар ешкімді бей-жай қалдырмады.Балаларға мереке өте ұнады, көңілді, әсем, тату болды.