Текст
31 Мамырда жылдық жоспарға сәйкес "педагогикалық ұжымның оқу жылындағы жұмысын қорытындылау"педагогикалық кеңесі өткізілді. Оның мақсаты: жылдық жоспардың міндеттерін жүзеге асыруда ұжымның жұмысының тиімділігін, балалардың бір жылдағы бағдарламаны игеруін анықтау. Педагогикалық кеңес әдіскердің сөзінен басталды, ол оқу-тәрбие жұмысына талдау жасады. Одан әрі барлық топ тәрбиешілері мен педагогтардың бір жылда атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады. Медбике Светлана Михайловна бір жылдағы сырқаттанушылық бойынша талдау жасады. Одан әрі әдіскерлер педагогикалық ұжымды жазғы кезеңге арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.