09.09.19 – 13.09.19 күндері аралығында «Денсаулық апталығы» басталды, ол денсаулықты жақсарту, балалар мен ата – аналар үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін арттыру, физикалық белсенділікке деген қызығушылықтарын, бейімділіктері мен қабілеттерін анықтап, оларды спорт жүйесі арқылы жүзеге асырып, балаларды үлкен спорт дәстүрлерімен таныстыру идеясына негізделген.
Бұлтты ауа-райына қарамастан, таңертең көңілді әрі жалынды музыка, таңертеғгілік жаттығулар оларға күні бойына көтеріңкі көңіл – күй мен қуат сыйлайды. Апталық «Барлығы денсаулық туралы», «Мен өз денсаулығымды сақтауға көмектесемін» атты тақырыптық әңгімелерден басталды.
12.09.19 күні ата аналар арасында «Біз салауатты өмір салтына «Иа» дейміз» тақырыбында КВН өтті.
Апта соңында ортаңғы және мектеп жасына дейінгі балалармен «Денсаулық және спорт еліне саяхат» атты спорттық фестиваль өтті. Аптаның әр күні жарқын және есте қаларлықтай болды, достық, өзара түсіністік, бірін – бірі қолдау атмосферасын құрып, сәттілікке деген сенімін оятып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін ашуға көмектесті.