Текст
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
16 - 20 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған апта өтті. Тілдер күніне арналған іс-шаралар барысында орта топтарда тақырыптық әңгімелер, педагогтармен интеллектуалды сайыс, ата-аналармен «Полиглот» іс-шарасы, «Ана тілім - ардақтым» тақырыбында балалар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Нәтижесінде балалар мен ата-аналар әртүрлі ұлттардың мәдениетіне шынайы қызығушылық танытты. Ең бастысы, балалар өздерінің ұлтымен мақтана бастады және біз бірге болған кезде күшті екенімізді түсінді.
Тіл - достықтың қаруы! Біздің балабақша балаларда басқа ұлт өкілдеріне деген толерантты, сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыруға, отансүйгіштікке, азаматтық негіздеріне тәрбиелейтін, сондай-ақ өз Отаны өміріне деген қызығушылықты қалыптастыратын әлеуметтік орта ретінде әрекет етеді.