Балалар мен ересектердің қауіпсіздігі – біздің қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі, ал балабақша – бұл тұтасқан организм, онда әркім, басшыдан бастап техникалық қызметкерлерге дейін бізге сеніп тапсырылған балалардың әрқайсысының денсаулығы мен қауіпсіздігіне толықтай жауапкершілікте болуы керек.
23-27 қыркүйек аралығында Қауіпсіздік апталығы өтті. Балабақшада балалардың қауіпсіздігі бойынша алдын – алу іс – шаралары кешенді түрде өткізілді. Барлық іс – шаралардың мақсаты: балалардың білімін кеңейту және алған білімдерін ойында, сахналауда және күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Қауіпсіздік апталығын өткізу жөніндегі жұмысты талдай отырып, балалар қауіпсіздік ережелері туралы білетіндерін және әртүрлі төтенше жағдайларға сәйкес олардың мінез-құлықтарын реттей алатындығын тұжырымдай аламыз.