Ақылды және жетілген адамдардың жасы көбінесе өмірдің құлдырауы деп аталады. Әр жыл өздігінен әдемі болғандықтан, біздің өміріміздің жас кезеңдері де ерекше.
1 – қазан күні біздің балабақшада «Қарттар күні» мерекесі өтті. Әдемі безендірілген бөлмеде балабақшаның барлық қызметкерлері қадірлі қонақтарды жылы лебіздерімен қарсы алды. Өз немерелері мен шөберелерінің құттықтауларын көруге келген қарттарымыз аз болмады. Әжелеріміз балаларының өнерін толқыныспен әрі мақтанышпен қарап тамашалады. Барлық қатысушыларға қол шапалақтап, түрлі сайыстарға өздері де белсенді түрде қатысып отырды. Бұл мереке барлығымыздың есімізде ұзақ сақталады деп ойлаймыз. Біз өз кезегімізде әртүрлі жас иелерінің бірге болуларына тағы бір мүмкіндік бергенмізге қуаныштымыз.