31 Қаңтарда балабақшада балабақша тәрбиешілері мен шағын орталықтардың педагогтары үшін "Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын әр түрлі жастағы топтарда ұйымдастыру" атты аудандық семинар өтті. Семинардың практикалық бөлімінде "Айгөлек" әр түрлі жастағы топ тәрбиеленушілерімен, тәрбиеші А. Н. Жармағамбетова «Математика патшалығына саяхат» математика негіздері бойынша, Тачки" әр түрлі жастағы тобында, тәрбиеші Е. С. Достанбекова "Қысқы саяхат" сөйлеуді дамыту бойынша , "Музыка еліне саяхат" музыка бойынша музыка жетекшісі О. Ю.Шутова ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді, Құрастыру бойынша Е.С.Соколова «Керемет құрастырулар» атты шеберлік сағатын өтізді. Семинар жоғары эмоционалды деңгейде, жылы, достық және сенімді атмосферада өтті. Өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ әртүрлі жастағы топтарда одан әрі жұмыс істеу перспективалары белгіленді. Маңызды және мағыналы тақырып талқыланған семинар барысында құрылған керемет атмосфера үшін тәрбиешілерге рахмет.