Наурыз мерекесі қарсаңында балабақшада "Наурыз ғаламшарды аралайды"атты тақырыптық апта өтуде.16 наурыз-Қазақ ұлттық ойындарының күні.Қазақ ұлттық ойындарының ерекшелігі-балалардың ақылдылығын, ойлау жылдамдығын дамыту үшін мүмкіндіктердің болуы, халықтық ашық ойындар ерік-жігерді, адамгершілік сезімдерді тәрбиелеуге әсер етеді, баланы физикалық тұрғыдан нығайтады. Ойын арқылы адамгершілік-патриоттық сезімдер, достық, бірлік, өз халқына деген жанашырлық, ұжымдасып әрекет ету қабілеті тәрбиеленеді.
Барлық жас топтарының тәрбиешілері балалармен "Бәйге", "Арқан тарту", "Күміс алу", "Орнынды тап", «Орамал»,"Тақия тастамақ"ойындары ойнатылды. Мектеп жасына дейінгі балалар біртұтастық, ептілік, жылдамдық, күш, кеңістіктегі бағдар мен тапқырлықты көрсетті. Балаларды жақсы, мерекелік көңіл-күйі болды. Бұл мереке балалардың жадында ұзақ сақталады деп үміттенеміз.