Текст
Балалық шақ әлемі ойынсыз болуы мүмкін емес. Баланың өміріндегі ойын-бұл қуаныш, көңілді, жарыс сәттері, ол баланы өмірге жетелейді. Көңілді ашық ойындар - бұл біздің байлығымыз.
Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндік аясында 7 қыркүйек – Балабақшада ұлттық ойындар күні өтті,оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалар арасында халық ойындарын насихаттауға, балаларды фольклормен таныстыруға, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал ету болды.