Наурыз мейрамы қарсаңында тақырыптық апталық барысында барлық жастағы балаларға арналған «Қазақтың ұлттық ойындары» атты ойын-сауық ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлттық ойындарына тән қасиет – балалардың ақыл-ойын, ұшқыр ойлауын дамытуға мүмкіндіктердің болуы.Халықтық дала ойындары баланың ерік-жігерін, адамгершілік сезімін дамытуға, физикалық тұрғыдан шыңдауға әсер етеді. Ойын арқылы адамгершілік, патриоттық сезімдер, достық, бірлік, өз халқына жанашырлық, ұжым болып әрекет ете білуге тәрбиеленеді.
Мұғалімдер балалармен «Бәйге», «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Орнынды тап», «Тақия тастамақ» ойындарын ойнады. Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымшылдықты, ептілікті, жылдамдықты, күштілікті, кеңістікті бағдарлауды және зеректікті көрсетті. Барлығы жақсы, мерекелік көңіл-күйде болды. Бұл мереке балалардың жадында ұзақ сақталады деп сенеміз.