Текст
РМУ ерте жастан дамыту институтының жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем,анам және мен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» қызметін ұйымдастыру және кеңейту бойынша озық тәжірибелерді жинақтау және тарату. Байқауда мектепалды даярлық топтарының қыздары отбасылық құндылықтарды (қолөнер, аспаздық және т.б.) көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша бөбекжай-балабақшамыздың тәрбиеленушісі Нұрман.А құрметті 3 орынды иеленді. Осы сайысқа дайындалған ата-аналар мен ұстаз Қ.Қизатоваға рахмет.