22 сәуір – Халықаралық Жер күні – таза су, жер және ауа мерекесі. Әртүрлі елдерде Жер күнінде тыныштық, бейбіт өмір мен достықтың символы болып табылатын Бейбітшілік қоңырауы дәстүрлі түрде соғылады. Бейбітшілік қоңырауы суды, жерді, ауаны әртүрлі зиянды факторлардан қорғай отырып, жер шарының сұлулығына және оны қорғау қажеттілігіне назар аударуға шақырады. Бұл мәселе қазір өте маңызды!
Балабақшамызда тәрбиешілер тәрбие сағаттарын өткізді: «Табиғат және денсаулық», мультфильмдерді қарау және мақсатты серуендер ұйымдастырылды, біз жер және табиғат туралы өлеңдер оқыдық. Бұл күні әрбір бала өз планетасы үшін жауапты «кішкентай қожайын» ретінде сезіне алды.
Балаларды жастайынан адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ойлауға баулу өте маңызды. Бала кезде жүрегіне қондыра білгенімізді оқушыларымыз есейіп, балаларына бере алатынына сенгім келеді.
Бұл күн балаларға жаңа білім ашуға және қоршаған әлемге деген қамқорлық, шығармашылық көзқарасты түсінуге көмектесті.