«Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында 29 және 30 сәуір күндері балабақшада осы мерекеге арналған ертеңгіліктер өтті.
Мақсаты: Балалардың туған жер, біз тұрып жатқан ел туралы түсініктерін кеңейту, білуге құштарлығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, патриоттық сезімге, бір-біріне деген ізгілікке, көмекке келуге ұмтылуға тәрбиелеу. . Ұстаздар мен балалар ұлан-ғайыр еліміздің әнұранын шырқады. Орта және үлкен топтарда «Достық бағын» отырғызып, балаларға қонаққа келген түрлі ұлт өкілдері: орыстар – қайың ағашын, жапондықтар – сакура ағашын, украиндар – алманы; ағаш, қазақтар – қарағаш.
Үлкен және мектепалды даярлық топтарында балалар күн сәулесін табуға көмектесу мақсатында «Достық» еліне саяхатқа шықты.
Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, ән айтты, әр тілде тақпақтар оқыды, сол арқылы достыққа, бір-біріне көмектесуге болатынын дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды. Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етіп, адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балалардың өз дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге мүмкіндік береді, педагогикалық жұмысқа белгілі бір қорытынды жасайды.