Тәрбиешінің жұмысы - сүйіспеншілікті, шыдамдылықты және күш-жігерді қажет ететін күнделікті еңбек, өйткені тәрбиеші бала бақшаға келген әрбір сәбиге мейірімді ана, мейірімді дос және дана ұстаз бола білуі тиіс. Жүсіпова Жұмагүл Мәуленқызы күн сайын балалар бақшасына өз жүрегі мен жанының бір бөлігін береді. Бұл өз сабақтарында инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдаланатын бастамашыл және шығармашыл педагог. Жұмагүл Мәуленқызы ата-аналармен жұмысты шебер ұйымдастырып, өзара түсіністік пен қолдау атмосферасын қалыптастырады.
Біз дәл осы балабақшада Жұмагүл Мәуленқызы сияқты тамаша тәрбиешінің еңбек еткеніне шын жүректен қуаныштымыз.
Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз - Мектепке дейінгі қызметкерлер күні қарсаңында, сіздерге шын жүректен, іске адалдығыңыз, педагогикалық шеберлігіңіз бен балаларды тәрбиелеудегі ерекше көзқарасыңыз үшін алғыс айтамыз!