Баланың толыққанды физикалық дамуы мен денсаулығы - бұл тұлғаны қалыптастырудың негізі. Арстан Төреханұлы дені сау баланы тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесінің барлық құралдарын кешенді пайдалануға тырысады.
Тікелей ұйымдастырылған білім беру қызметі үшін ірі және ұсақ бұлшық ет топтарының дамуына ықпал ететін жаттығуларды таңдайды. Арстан Төреханұлының сабақтарында балалар ұзындығы мен биіктігіне секіруге, өрмелеуге, швед қабырғасына көтерілуге, «паровозбен» жүруге және әрине жүгіруге үйренеді. Ойын және спорттық мүкәммал жиі пайдаланылады: доптар, гимнастикалық таяқтар, жалаушалар, шеңберлер, лақтыруға арналған құм салынған қапшықтар, секіргіштер, арқандар, сақиналар және т.б. Ал балалардың жалпақ табандылығының алдын алу және оның дамуына жол бермеу үшін қырлы жолды, «денсаулық жолын» жиі қолданамын.
Арстан Төреханұлы, шын жүректен кәсіби мереке - Тәрбиешілер және барлық мектепке дейінгі қызметкерлер күнімен құттықтаймын!