Текст
Отызыншы рет қазақстандықтар Тәуелсіздік Күнін атап өтуде.Мереке қарсаңында біздің балабақшада осы айтулы оқиғаға арналған тақырыптық сабақтар өтті. Балалар Қазақстанның рәміздері туралы жақсы білімдерін көрсетті.Тақырыптық сабақтардың мақсаты балаларды қазақ халқының тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен таныстыру болды. Халық шығармашылығының балаға әсері орасан зор. Фольклор, ұлттық ойындар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына, өз Отанына, өлкесіне, қаласына деген сүйіспеншілікке, өскелең ұрпақтың азаматтығына деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелейді, балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.