2 қыркүйекте жылдық жоспарға сәйкес №1 "2022-2023 оқу жылына арналған бөбекжай жұмысының бағыты"педагогикалық кеңесі өткізілді.
Оның мақсаты: сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Педкеңес әдіскердің сөзінен басталды, ол балабақшаның жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмысын қорытындылады . Әрі қарай әдіскер 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық және оқу жоспарларымен таныстырды. Педагогтармен бірге сабақ кестесі мен балалармен жұмыс жоспарларын бекітіп, жас ерекшеліктеріне қарай балалардың тізімін нақтылады.
Педагогикалық кеңесті қорытындылай келе, барлық мұғалімдер балабақшадағы жұмысты балалар үшін жылы, жайлы атмосфера құрудан бастау керек деген қорытындыға келді. Балабақшадағы әр бала қуанышқа, күлкіге, жақсы достарға, көңілді ойындарға толы болуы керек.