Текст
15 қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні мерекесіне орай балаларды ұлттық валюта – теңгенің ұғымы мен идеясымен, оның мақсатымен таныстыру мақсатында барлық жас топтарында тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-шаралары өткізілді. «ақша» тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын қалыптастыру. Негізгі экономикалық түсініктерді дамыту. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес балаларды оқыту және дамыту процесі ойын түрінде жүргізіледі.
«Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойында балалар «Сатушы», «Жүк тасымалдаушы», «Жүргізуші», «Сатып алушы» мамандықтарымен танысты. Ойын арқылы балалар тауарлық-ақшалай қатынас туралы қарапайым түсініктермен танысады, біздегі көптеген қызметтер ақылы, жұмыс істей отырып адамдар өз еңбектері үшін жалақы алады.